Елімізде автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер көзделген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР көлік министрлігінің ақпаратынша, көлікті жалған техникалық тексеруден өткізудің салдары ақаулары бар көлік құралдарының жол қозғалысына жіберілуіне мүмкіндік беріп, кейін бұл жол-көлік оқиғаларына, оның ішінде соңы өлімге ұласатын оқыс оқиғалар деңгейінің өсуіне әкеп соғады.
"Құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалса, техникалық тексеруден өткізетін оператор қызмет көрсету құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айырылады," - делінген
ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметі хабарламасында.
Сондай-ақ аталған Заң жобасы шеңберінде автокөлікті техникалық тексеруден өткізетін операторлардың қызметіне қойылатын талаптарды күшейту көзделген.
Жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтыруларды енгізу автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу сапасын жақсартуға және жосықсыз техникалық қарап тексеру операторларының санын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда нарықта 950-қа жуық оператор көлікті техникалық тексеруден өткізу бойынша қызмет көрсетеді.
Еске салайық, 2024 жылдың 3 мамырында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында (БАКАД) жол таңбасын жаңарту жұмыстары басталған болатын. Осыған байланысты кейбір жолақтарда қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі.