Өңірдегі балық өндіретін "Kazakh Osseter" зауыты 6 жыл бұрын әр жақтан жеткізілген балықтардан 15 мыңға жуық шабақ алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Балықты өсіріп, нарыққа шығару үшін облыстық бюджеттен 2 жыл бұрын 20 млн теңге бөлінген. Аталған қаражатты бұл зауыт Алматы қаласындағы балық шаруашылығы институтымен екіжақты бірлескен жоба барысында жүзеге асырып отыр. Бүгінге дейін зауыт 35 тоннаға жуық бекірені нарыққа сатуға шығарды. Жергілікті 16 тұрғынды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын 38 қазанда балық өсіріп отыр.
"Зауыт ашылғанда әкелген әр шабақтың салмағы 2 грамм еді. Бүгінде олар өсіп, олардан шабақ алып жатырмыз. Зауыт іске қосылғалы бері бізбен бірге жұмыс істеп келе жатқан балық шаруашылығы институты мен облыс әкімдігіне ризашылық білдіреміз. Алда зауытты үлкейтеміз деген жоспарымыз бар. Балықтарды бұқтырып, уылдырық алатын жаңа технологиялар шетелден келеді, бұйырса", - дейді кәсіпорын басшысы Тұрсынгүл Жақыпова.
Жоба аясында балықтарға түрлі зерттеулер жүргізген. Ультрадыбыстық, сканерлеу секілді тексеру жасалғанын балық шаруашылығы институтының бас ғылыми қызметкері айтып отыр.
"Уылдырықты сапалы алу үшін қыстауға салып, көктемнің басында шығарамыз. Одан кейін оларды қалыпты температураға бейімдейміз. Гармоналдық ынталандырудан өткізіп, инкубатордың көмегімен тиісті шараларды атқарып жатырмыз", - дейді Алматы қаласындағы балық шаруашылығы институтының бас ғылыми қызметкері Наиля Булавина.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН