Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
23-27 шілде аралығында 53,5 тонна дәрі-дәрмекті жеткізіледі. Ол үшін әкімдік тарапынан қажетті фура және газель автөкөліктері бөлінетін болады ( 4 фура және 1 газель).
Бүгін «Инкар» компаниясы 20 тонна дәрі-дәрмекті жеткізеді және «Медсервисплюс» компаниясының 1,5 тонна дәрі-дәрмегін жеткізуге әуе көлігін қарастырамыз - деді облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов.
Осыған дейінде, яғни 17-18 шілде күндері әкімдік Үндістан мемлекетінен әкелінген дәрі-дәрмектерді жеткізуге 2 ұшақ бөлген еді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер «Абишеваның» дәрі-дәрмегін жеткізу үшін самолет жіберу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ол жеке кәсіпкердің дәрі-дәрмек көлемі рәсімделуде, дәрілік заттардың тізімі және көлемі нақтылануда, жоспарланған жеткізу күні - 27.07.2020 ж.
Сонымен бірге, Алматы қаласынан Ақтау қаласына жеткізуге 32 тоннаны құрайтын 2 фура дәрі-дәрмектер жолға шықты және Астрахань мен Краснодардан 1 фура дәрі-дәрмек қалыптастырылуда.
Одан басқа Астрахань облысынан демеушілердің көмегі есебінен 1 газель автокөлігімен дәрі-дәрмек жеткізіледі.
Сонымен қатар, тіркелмеген дәрі-дәрмектерді сату, сондай-ақ бөлшек сауда бағаларының өсу фактілері бойынша 164 өтініш түсті (DARI.KZ-12 қосымшасы – 12, әлеуметтік желілер – 6, телефон және ватсап арқылы – 89).
Одан бөлек, мемлекеттік органдардың мониторингі бойынша – 57 шағым түсті. Жинақталған материалдар шара алу үшін тиісті органдарға жолданды.
Жүргізілген мониторинг нәтижесінде 26 хаттама толтырылды, оның ішінде: 17 дәрі-дәрмек бағасының заңсыз өсуі, 3 фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысуы, 1 лицензиялау нормасын бұзуы. 5 материал әкімшілік сотқа жолданды.