Барлық стационарларды оттегімен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілуде. Өңірде өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) саны 218-ді құрайды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оттегі баллондарының саны бастапқы 124 баллоннан 262-ге жеткізілді.
Сонымен қатар, 1 ш/а орналасқан инфекциялық бөлімше мен провизорлық стационарда да оттегімен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынып, ол жерде көмекке «АқтауТұрғынҮй» мекемесі қойылды. Ол жерде баллондар саны 220-ға жеткізілді. Оттегі баллондарын толтыратын мекемелерге тапсырыс көбейгендіктен, «ЭкоГаз» мекемесінен басқа резервтік «КазАзот» және «РеалГаз» мекемелерімен келісім жасалып, жұмыс атқарылуда. Қазір аталған мекемелер баллондарды тегін толтырып, көмектерін көрсетіп жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде оттегімен қамтамасыз ету жұмысы бірталай жақсарды, аурухана басында оттегі жетіспеушілігі жойылды, делінген хабарламада.