Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Жасыл ел” бағдарламасының басты мақсаты - жастарды еңбекке баулуға, сонымен қатар қоршаған ортаны, табиғатты қорғау мен экологияны сақтауға жас ұрпақты тәрбиелеу.
Карантин режиміне байланысты "Жасыл ел" бағдарламасына тіркелу онлайн түрде жүргізілді. Еңбек жасағына биылғы маусымда көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған және толық емес отбасы санатына кіретін 370 бала тартылды. 12 топқа бөлінген еңбек жұмысшылары 1 ай бойы жасыл желектерді баптап, көгалдар мен көше бойын арам шөптерден тазарту жұмыстарын атқарады.
Құжат қабылдау кезінде алдын ала қатысушылардың ата-аналарынан әр баланың денсаулығы жөнінде анықтама алынып, карантин режиміне байланысты сақтық шаралары түсіндірілді және олардан келісімхаттар алынды. Жұмыс кестесі аптасына 5 күн, 4 сағаттан. Сонымен қатар, әрбір жасақшы осы маусымдағы еңбегі үшін 42 500 теңге жалақы алады.
Жас жұмысшыларға арнайы еңбек формасы мен құрал-жабдықтар үлестірілді.