Облыста коронавирустық инфекция және пневмония таралуы бойынша жағдайдың тұрақтылығы байқалады.
Жедел жәрдем станцияларына түсетін шақыртулар саны азайды. Облыстық жедел жәрдемге шілде айының басында барлығы 900 шақырту түссе, қазіргі таңда облыс бойынша барлығы 595 шақырту түскен. Яғни, облыс бойынша шақыртулар саны 305-ке азайған, делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Шақыртулар саны:
Облыс бойынша - 595;
Ақтау қаласы бойынша - 186;
ЖРВИ облыс бойынша - 77;
Пневмония облыс бойынша - 37;
Байланыста 47 көлік, оның 13-і Ақтау қаласы бойынша.
Сондай-ақ, провизорлық стационарларға түсуші науқастардың саны екі еседен аса қысқарды. Күніне 250-ден 100-ге дейін. Соңғы аптада жазылып шыққан науқастар саны күніне 150-ге жетті.