«Халыққа көмек» қоғамдық штабы өз жұмысын бастағалы санаулы күннің ішінде көптеген маңғыстаулық кәсіпкерлер, белсенді азаматтар көмек қолын созуға ынталарын білдіруде.
Солардың қатарында Маңғыстау облысының газ сатумен айналысатын бір топ кәсіпкерлері ортақ іске жұмыла бас қосып, жинаған қаржыларына қанның оттегімен қанығу дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін 31 пульсоксиметр сатып алынып, «Халыққа көмек» қоғамдық штабының үйлестіруімен облыстың аудандары мен қала ауруханаларына сұранысқа сай таратылуы жолға қойылды.Қазіргі індет жағдайында, ел басына сынақ туған кезеңде жұмылып, күш біріктіруге шақырған штаб Үндеуіне қолдау білдіріп жатырған азаматтарға алғысымыз шексіз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ел болып осындай игі жұмыстарға қолдау білдірейік, ағайын, делінген штаб таратқан хабарламада.