Аймақтағы дәріханаларға Астрахан қаласынан дәрі-дәрмекті жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы онлайн-брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
10 шілде күні «Медсервис Плюс» мекемесіне кезекті жүк көлігімен қосымша дәрі-дәрмектер келеді. Сонымен қатар «ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС дәрі-дәрмек үшін қаржылай демеушілік көрсетуге дайын екенін білдірді.
Айта кетейік, 6 шілде күні «Медсервис Плюс», «Эмити Интернешнл», «Инкар-Актау» мекемелерінің әрқайсына 90 м3/текше метр көлемінде 1 жүк көлігімен, жалпы 3 жүк көлігімен дәрі-дәрмек жеткізілді. Осы күндері тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында дәрі-дәрмектер арнайы тіркеуден өтіп, өңірдегі дәріханаларға таратылып жатыр. «АДА Фарм-Актау» ЖШС өзінің 22 дәріханасын қамтамасыз етуде.
Сондай-ақ дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағасын реттеу мақсатында қалалар мен аудандарда «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен және құқық қорғау органдарымен бірлескен арнайы мониторингтік топтар құрылды. Олар үнемі рейдтік шаралар жасап, бағаның негізсіз өсуін болдырмау үшін жұмыстанатын болады. Бүгінгі күні 3 заңды тұлғаға қатысты шара қабылдануда.
«Бұл бағытта облыс тұрғындарын барынша азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз. Егер де дәріханалардағы негізсіз көтерілген дәрі бағаларын байқасаңыздар Маңғыстау облыстық экономикалық тергеу департаментінің келесідей телефондарына хабарласуыңызды сұраймын - 40 34 01, 8 702 561 6668, 8 775 195 7171, 8 707 573 1295, 8 707 405 0051. Сонымен бірге, «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне 8 775 222 7292 байланыс нөміріндегі ватсап желісі арқылы жолдай аласыздар», деді С.Трұмов.