Маңғыстау облысында пневмонияға қарсы 1 025 науқас ем алып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Серікбай Трұмов онлайн-брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Күніне орташа есеппен пневмония ауруы бойынша 300–ге жуық адам шағымданады. Соның ішінде 150-ге жуық адам ауруханаға жатқызылып жатыр. Аймақ басшысының айтуынша, соңғы күндердегі дерек бойынша науқастар санының төмендегені байқалады.