Маңғыстау облысы маслихатының 2015 жылғы шешімімен облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 2 учаске анықталған, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
1. 4 ықшамаудандағы “Каспиан Риьвера” қонақ үйінен облыстық филармонияға дейін, Т. Шевченко ескерткішінен 5 шағынауданға түсірме бойынша, ұзындығы 300 метр, ені 20 метр;
2. “Шора” су арнасы, жағалау аймағының ұзындығы 100 метр және ені 20 метр;
Сонымен қатар, су айдынында төтенше жағдайды болдырмау және шомылу маусымы кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаладағы жағажайға шығар жол бойына 3 жерге билборд орнатылып, суға түсуге тыйым салынған аймақтардың ескерту тақтайшалары жаңартылды.