Ақтауда осы жазда 9 балалар ойын алаңы салынады, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Олар:
1. 3 А шағынаудан 25 үй;
2. 14 шағынаудан 40 үй;
3. 4 шағынаудан 22 үй;
4. 31 Б шағынаудан 30 үй;
5. 11 шағынаудан 3 үй;
6. 4 шағынаудан 58 үйдің арты;
7. 3 шағынаудан 44 үй;
8. “Рауан” тұрғын массиві;
9. “Приморский” тұрғын массиві
Бүгінде 3 шағынаудан 44 үй алдынан алғашқы балалар ойын алаңының құрылыс жұмыстары басталып кетті. Ойын алаңдарының көлемі 258 шаршы метрді құрайды. Бұдан бөлек, маусым айында Ақтау қаласының 2, 6, 7, 12, 26, 27 шағын аудандарында кешенді абаттандыру жұмыстары басталады. Соның аясында ішкі автожолдар, жаяу жүргінші жолдары жөнделіп, балалар ойын және спорт алаңдары қайтадан салынатын болады.
Яғни, барлығы:
- автожолдар – 268 930 шаршы метр немесе 67,2 шақырым;
- жаяу жүргіншілер жолдары;
– 91 708 шаршы метр немесе 45,8 шақырым;
- спорт алаңдары – 22 дана.
⠀
Кешенді жоспар ішінде 63 балалар ойын алаңы қайтадан салынбақ: Олар:
2 шағынауданда - 9 дана;
6 шағынауданда - 7 дана;
7 шағынауданда - 7 дана;
12 шағынауданда - 17 дана;
26 шағынауданда- 9 дана;
27 шағынауданда - 14 дана;