Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 19 адам тіркелді. Ақтау қаласында - 4, Бейнеу ауданында - 9, Қарақия ауданында - 2, Мұнайлы ауданында – 2, Маңғыстау ауданында – 2, деп хабарлайды МО ҚКО.
Он тоғыз науқастың барлығы да індетті жұқтырған адамдармен байланыста болған. Оның 6-уы Қаламқас кен орнының қызметкері. COVID-19 жұқтырған 19 адамның 2-еуі кәмелет жасқа толмаған. Қалған 17-сі ересек. Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
02.06.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 291 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 66;
Жаңаөзенде – 28;
Маңғыстау ауданында – 13;
Мұнайлы ауданында – 17;
Қарақия ауданы – 47;
Бейнеу ауданында - 114;
Түпқараған ауданында –6;
Жазылып шыққаны – 141;
Қайтыс болғаны – 1.