Бүгін Жаңаөзен қаласында коронавирус індетінен 2 адам емделіп шықты. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Олар 1958 жылы туған әйел адам мен 2002 жылы туған келіні. Естеріңізге салсақ, 1958 жылғы әйел адам 15.04.2020 жылы коронавирус ауруының белгілерімен тіркелген еді. Ал, келіні Жаңаөзен қалалық көпбейінді аурухананың инфекциялық бөлімшесіне ертесіне түскен болатын. Барлық протоколдық емдеу шаралары қолданылды. Соңғы екі рет тапсырған талдау нәтижелері олардың бойында вирустың жоқтығын дәлелдеді. Дәрігерлердің мәліметі бойынша жағдайлары жақсы. Ауруханадан шығарылды.