Маңғыстау облысында COVID-19 жұқтырған тағы 1 адам тіркелді. Ол "ТеңізШевройл" мекемесінде жұмыс істейтін, Жаңаөзен қаласының тұрғыны. 1978 жылғы әйел адам.
"ТеңізШевройл" мекемесінен келген науқас бірден карантинге жатқызылып, одан сынама алынды. Алынған сынама ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазір ол Жаңаөзен көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
05.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 85 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 22;
Жаңаөзенде – 18;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Қарақия ауданы – 29;
Бейнеу ауданы - 9;
Жазылып шыққаны – 9;
Қайтыс болған – 1.