Облыс әкімі С.Трұмов Түпқараған ауданына жұмыс сапарымен барды. Алдымен Ақшұқыр ауылында құрылысы салынып жатқан 600 орындық мектептің жұмысын танысумен басталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа үлгіде салынып жатқан білім ордасының құрылысы 2019 жылдың маусым айында басталған. Құрылыс жүргізуші «Альянс LTD» ЖШС жоспарға сай ағымдағы жылдың маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр. Әкім нысанның сапасына аса мән беруді тапсырды. Бұдан кейін Түпқараған ауданының әкімі Ақшұқыр ауылын абаттандыру бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндап, бірқатар нысандарды көрсетті.
Аймақ басшысы ауданға қарасты С.Шапағатов ауылына да барды. Онда 6 орамға инженерлік инфрақұрылым тарту жұмысымен танысты. С.Шапағатов ауылында сұйыққойма және селоішілік су құбырын салу желіліері мен жаңа тұрғын үйлерді газбен қамту құрылысының 2 кезеңі жүргізілуде. Осыдан кейін облыс әкімі «АктауАгро» ЖШС құс фабрикасының құрылысымен және су құбырларымен жабдықтау жұмыстарымен танысты. 50 га жерге салынып жатқан құс фабрикасының жалпы құны 1 450 000 000 теңге. Бір мезетте 36 000 құс өсіруге болады.
Жоба мақсаты:
ауданда қоңды балапандар өсіру, өңдеу, сою және дайын қаптамадағы өнімді нарыққа шығару;
Облыс нарығына жоғары сапалы құс етін шығару;
Шеттен әкелінетін импорттық ет өнімдерін 30% ға қысқарту.
Сондай-ақ, облыс әкімі С.Шапағатов ауылының теңіз жағалауын абаттандыру бойынша салынатын демалыс орнының жобасымен танысты.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Форт Шевченко қаласының кіреберісіндегі блок бекетке барып, қазіргі ахуалымен танысты. Бекетте медицина, полиция қызметкерлері белгіленген тәртіпке сай күзетшілік жасауда. Облыс әкімі қауіпті вирустан сақтану шараларын бақылауда ұстап, тәртіпті қатаңдатуды, тұрғындармен ақпараттық –түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.