Бұл туралы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында төтенше жағдай кезінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабы бойынша 387 әкімшілік іс, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 478-бабы бойынша 1 әкімшілік іс қаралды. 383 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 294-не ескерту түрінде, 56-на әкімшілік айыппұл, 33-і әкімшілік қамаққа алынды.