Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясы тағы 1 адамнан анықталды. Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, 1946 жылғы әйел адам Қарақия ауданы, Бостан ауылының тұрғыны.
Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазір ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
03.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 63 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 20;
Жаңаөзенде – 14;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Қарақия ауданы – 21;
Бейнеу ауданы - 1;
Жазылып шыққаны – 9;
Қайтыс болған – 1.