Ол 1948 жылы туған ер адам, Қарақия ауданы, Сенек ауылының тұрғыны. Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Сол себепті, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта науқас Жаңаөзен қаласының инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
01.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 49 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 18;
Жаңаөзенде – 7;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Қарақия ауданы – 16;
Бейнеу ауданы - 1;
Жазылып шыққаны – 8;
Қайтыс болған – 1.