Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясы тағы 6 адамнан анықталды. Оның төртеуі Жаңаөзен, 2-і Сенек ауылының тұрғыны.
1-шісі 1959 жылы туған әйел адам, Жаңаөзен қаласының тұрғыны, 2-шісі 1953 жылы туған ер адам, Жаңаөзен қаласының тұрғыны, 3-шісі 1977 жылы туған ер адам, Жаңаөзен қаласының тұрғыны, 4-шісі 1985 жылы туған ер адам, Жаңаөзен қаласының тұрғыны, 5-шісі 1982 жылы туған әйел адам, Қарақия ауданы Сенек ауылының тұрғыны, 6-шысы 1951 жылы туған ер адам, Қарақия ауданы Сенек ауылының тұрғыны.
Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Сол себепті, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі уақытта барлық тіркелген науқас Жаңаөзен қаласының инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
01.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 55 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 18;
Жаңаөзенде – 11;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Қарақия ауданы – 18;
Бейнеу ауданы - 1;
Жазылып шыққаны – 8;
Қайтыс болғаны – 1.