Екеуі де «Теңізшевройл» мекемесінде жұмыс істейтін Ақтау қаласының тұрғындары. Олардың бірі 1965 жылы туған әйел адам, екіншісі 1964 жылы туған әйел адам. Олар 30 сәуір күні «Құлсары-Маңғыстау» пойызымен өңірге келген бойда үйлеріне жіберілмей, бірден Ақтаудағы обсервациялық стационарға жатқызылып, сынама алынған болатын. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, делінге МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
01.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 57 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 20;
Жаңаөзенде – 11;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Қарақия ауданы – 18;
Бейнеу ауданы - 1;
Жазылып шыққаны – 9;
Қайтыс болған – 1.