© «ҚазАвтоЖол»
Автокөлік жолдарын су алу қаупіне байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
1. «Атырау-Орал» автожолының 71-179 шақырымы, Махамбет - Индер елді мекендердің учаскесі (жүк көліктері үшін).
2. «Атырау-Орал» автожолының 179-189 шақырымы, Индер елді мекені - БҚО шекарасы.
БҚО-да Атырау облысында орын алған су тасқынға байланысты жүк көліктерінің қозғалысына келесі жолда шектеу қойылды:
«Атырау-Орал» автожолының 189-492 шақырымы, Орал қ. - Атырау облысы шекарасы учаскесі.