Емханалардың дәрігерлері мен мейіргелерінің функционалын қайта бөлу нәтижесінде мейіргелерге науқастарды өз бетінше қабылдау құқығы беріледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Орта медициналық персоналды кардиология, нефрология, эндокринология, гастроэнтерология, офтальмология, оториноларингология және хирургия сияқты бірқатар бағыттар бойынша аурумен ауыратын науқастарды басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалар бойынша оқыту басталды», деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.
Бұл дәрігерлерге жүктемені неғұрлым ұтымды бөлуге және бастапқы буынның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.