Құрметті Мейрамбай Бисембайұлы!
Біз, Сізді 1 мамыр Қазақстан халықтарының ынтымақ күнімен тұспа-тұс келген туған күніңізбен құттықтаймыз!
Сіз өткен саналы өмір жолыңызды, еліміздің ақпарат саласын дамытуға арнап адал еңбек етіп, оған шексіз шынайы үлесіңізді қостыңыз. Оның айғағы өлкеміздің шоқтығы биік ақпарат айнасы «Маңғыстау», «Жаңаөзен» газеттерін басқарып, облыс тұрғындарының экономика, мәдениет, спорт және ұлттық салт-дәстүр, тіл мәдениетімен сусындауына – қазақтың бұрынғы ұлттық алтын қазынасымен рухтануына және оның сақталуына, дамуына ықпал еттіңіз. Жан-жақты терең біліммен қаруланған Сіз, өзіңіздің интеллектуалдық деңгейіңіздің қаншалықты жоғары екендігін ел-жұртыңызға әйгіледіңіз, сол табиғат дарытқан қазынаңызды жазған шығармаларыңызға орнымен пайдаланып, өлкеміздің өрісі кең, қуатты да сауатты қалам иегеріне айнала білдіңіз. Аудандық, қалалық ақындар айтысына (әр жылдары) сан рет қатысып, осы халықтық өнердің өрге басуына атсалысып, мәдениетіміздің дамуына да өрнекті із тастадыңыз. Республикалық баспалардан бірнеше кітаптарыңыз жарық көрді. Ақпарат әлемі бұл – үгіт-насихаттың ең жоғары айсбергі! Қоғамға сіңірген адал еңбегіңіздің нәтижесінде Сіз облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, «Маңғыстау облысының 35 жылдығы», «Жаңаөзен қаласының 40 және 50 жылдығы», «Ақтау қаласының 55 жылдығы» төс белгілерімен марапатталып, Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, Ақтау қаласының Құрметті азаматы атағына ие болдыңыз. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, Қазақ еліндегі алғашқы қоғамдық саяси ұйым – «Парасат» қозғалысының да іргетасының қалануына өз үлесіңізді қостыңыз. Бұл Сіздің жаңалықты жаны сүйетін және оны қолдай біліп, қажетті уақытта жанынан табылатын прогресшіл – халықшыл азамат қоғам қайраткері екеніңіздің айғағы және бүгін де солармен біргесіз.
Құрметті Мейрамбек Бисембайұлы!
Біз, Сізді туған күніңізбен құттықтай отырып, деніңіздің саулығын, ұрпағыңыздың амандығын және де шығармашылық табыстарға жете беруіңізге тілектестік білдіреміз!
Құрметпен,
«Парасат» қозғалысының төрағасы, ҚР-ның Мәдениет саласының үздігі, Ақтау қаласының құрметті азаматы, композитор Данияр Аралбайұлы, Халықаралық Махамбет сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері, Бейнеу, Маңғыстау ауданының «Құрметті азаматы», Президент сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері, ақын Сабыр Адай. Өлкетанушы, мәдениет саласының қызметкері Жомарт Айдарбек.
Достары: Т.Бекқалиев, Б.Түсіпов, Б.Махуов, Е.Қызылқұлов, А.Маштанов, Қ.Қартбаев, К.Сүлейменов, К.Өскінбаев.