©
Құрметті маңғыстаулықтар!
Баршаңызды еліміздегі шұғылалы мереке - бейбітшілік пен тыныштық, ұлтаралық келісімнің алтын арқауына айналған Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Қазақ Елі сан қилы сын сағаттарында тонның ішкі бауындай ұжымдасқан ауызбіршілігінің арқасында бүгінгі мерейлі күнге абыроймен жетіп отыр. Бұл күн ұлан-байтақ қазақ жерін мекендеген түрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара сыйластығы мен құрметі, бір-біріне деген ыстық ықыласының айқын айғағы. Татулық пен тұрақтылық салтанат құрған біздің азаматтық қоғамның сарқылмас байлығы, баянды тәуелсіздігіміз бен қоғамдағы тұтастықтың басты тірегі де осы.
Әрине, қазіргі таңда еліміз күрделі кезеңді бастан өткеруде. Тосыннан келген қиындықты иық тірестіре бірге еңсеру, тасбекем тәртіп пен ұйымшылдық биігінен бой көрсету баршамызға жүктелген азаматтық парыз деп білемін. Сондықтан бұқараның төзімділігі мен ортақ жауапкершілігі қатерлі індетке төтеп берерлік қуатты қаруымызға айналуы тиіс.
Бірлігіміз жарасып, берекеміз арта берсін!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов