Алдымызда Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі келе жатыр. Жеңіс күні - әр адам үшін аса қастерлі, ерекше күн. Бұл күн - соғыстан оралмаған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамыздағы соғыс ардагерлерінің мерейін одан әрі асқақтатып, қайсарлығы мен ерліктеріне тағзым ететін күн. Осы орайда Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Жансая Исмагулованың фейсбук парақшасында жариялаған атасына деген жүрекжарды хатын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
**********
Ұлы Отан соғысы кезінде біраз хат жазылды. Әр жолы айқас алаңындағы батырлар да, ауылдағы туыстар да оларды асыға күтетін. Туған-туыстары үшін бұл ұлы, ағасы, әкесі тірі екендігі туралы жалғыз хабар болса, солдатқа бұл хаттар жан-тәнін жылытып, бейбіт өмірге үміт беретін.
Міне, Жеңіс күнінің мерейтойы қарсаңында Менің соғысқа қатысқан атама да хат жазуды шештім. Бұған себепкер болған – кеше ватсапта туған-туыстар тобына жіберілген фотосурет. Суретте менің атам, өзінің ұлы – менің әкеммен.
Хат
Сәлембердім, ата!
Сіздің немереңіз хат жазып отыр. Мен сізді тек әжемнің және қыздарыңыздың сөздерінен ғана білемін. Мен мұғалім болғаныңды білемін, содан кейін сені соғысқа шақырған. Әлі күнге дейін сенің барлық медальдарың ілінген кілем есімде. Мен оларға қарап, мақтанатынмын, әлі де мақтан тұтамын!
Ата, Сіз де менімен мақтанатын едіңіз деп ойлаймын. Сіздің немереңіз, міне 11 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Мен әрқашан өз халқымның игілігі үшін барымды салып, өз құзыретіндегі шараларда жұмыс істеймін.
Біз өмір сүру үшін сіздер соғысып, қаншама адам көз жұмып, қиындыққа мойымай, жеңіске жеттіңіз. Қазір 75 жылдан кейін әлемде коронавирус індетінен туындаған эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. Біз қазір барлық халық болып онымен күресіп жатырмыз. Біз міндетті түрде жеңеміз, өйткені біз біргеміз!
Біз Сіздерді есте сақтаймыз, ұмытпаймыз.
Жансая Исмагулова,
Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары