Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған 1 адам анықталды. 1993 жылғы жігіт, Қарақия ауданы, Сенек ауылының тұрғыны. Ол сол ауылда коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы адаммен қарым-қатынаста болған. Сол себепті, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
30.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 46 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 18
Жаңаөзенде – 6
Маңғыстау ауданында – 4
Мұнайлы ауданында – 3
Қарақия ауданы – 15
Жазылып шыққаны – 8
Қайтыс болған – 1