Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР-ның аумағында төтенше жағдай енгізілуіне орай, карантинге жабылған өңірде тұратын және әлеуметтік дәрежесі төмендегі санаттың біріне сай келетін азаматтарға 2 ай бойы /сәуір, мамыр/ 15 мың теңгеден коммуналдық төлем өтеледі (су, кәріз, жылу, газ, электр энергиясы қызметтері үшін).
- 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
- Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- Көп балалы отбасылар;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
- Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
- Төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
- Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылын қоса алғанда осы санаттарға 17 869 азамат кіреді. 22 сәуірден бастап бүгінге дейін колл- орталық күнделікті сағат 09:00-ден 18:30 дейін жұмыс жасап тұр:
Қала тұрғындары үшін:
Электрондық пошта: aktau.tolem@mail.ru
Wһats Аpp: 8 775 400 09 96
Сall орталық: 30 11 55
_______
Өмірзақ ауылының тұрғындары үшін
Электрондық пошта: omirzak.tolem@mail.ru
Wһats Аpp: 87015635171, 87014774822
Сall орталық:44-53-97
Қазіргі таңда Ақтау қаласы бойынша осы санаттағы азаматтарға түсінік жұмыстары жүргізілуде. 22 сәуірден бүгінге дейін 8 мыңнан аса адам хабарласқан. Бұл төлемдер жеке тұлғалардың коммуналдық мекемелерге өтемдері үшін беріледі. Ол үшін көрсетілген санаттар бойынша барлық коммуналдық мекемелермен келісім- шарттары болуы тиіс.