Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында COVID-19 бойынша ең бірінші тіркелген 2 науқастың екіншісі де бүгін ауруханадан шығарылды. 1980 жылы туған әйел 10.04.2020 жылы аудандық аурухана жанындағы жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған болатын. Барлық протоколдық емдеу шаралары қолданылды. Соңғы тапсырған талдау нәтижелері оның айыққанын дәлелдеді.
Ал, үшінші тіркелген науқас бүгін таңертең ауруханадан шыққан болатын. Сонымен, Маңғыстау ауданында емделіп жатқан үш науқас та үйіне шығарылды. Ал, төртінші тіркелген науқас Ақтау қаласындағы ауруханаға орналастырылған болатын, бүгінде емін жалғастырып жатыр.