Жұмыс орындарын сақтау мақсатында ірі 207 компаниямен меморандум жасалды. Нәтижесінде 39 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әлихан Қыраубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Атап айтқанда, «Маңғыстаумұнайгаз» (4044 адам), «Бузачи Оперейтинг» (911 адам), «КазАзот» (1182 адам), «Қарақұдықмұнай» (468 адам) сияқты ірі және тағы басқа орта және шағын мекемелерге жұмысқа орналасады.