Әлемді жаулап жатқан қатерлі індетпен елімізде де күрес жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ал Үндістан мемлекетіндегі індетпен күрес жағдайын білу үшін үндістандық журналист, «New Indian Express» («Жаңа үнділік экспресс») газетінің бас редакторы Манжу Лата Каланидхи ханыммен сұхбаттасқан едік. Айта кетейік, сұхбат ағылшын тілінде жүргізілді.
– Әлемге үлкен қорқыныш тудырып отырған індетпен Үндістан қалай күресіп жатыр?
– Үндістанда төтенше жағдай 22 наурыздан басталды. Еліміз бұған белсенді түрде 40 күндік тыйым салуды жариялап отыр. Елдің алдында көптеген әлеуметтік және экономикалық мәселелер тұрса да, Үндістан оларды елемеуге бел буды. «Алдымен өмір сүрейік, содан кейін экономикалық қатынастарды реттерміз» деген болуы керек. Дамыған елдермен салыстырғанда Үндістанда тіркелген жағдайлардың саны едәуір төмен. Қазіргі күні мектептер мен колледждер жабылып, карантиндік ауруханаларға айналды. Болып жатқан барлық жағдайларды ескере отырып күнделікті ақпараттарды қалт жібермей қарап отырамыз. Тұтастай алғанда, Үндістан мемлекеті өз халқы үшін аянбай жұмыс жасауда.
– Медициналық мекемелеріңіз қалай жұмыс істеуде?
– Үндістанда ақылы және ақысыз көптеген ауруханалар бар. Ақылы медициналық көмектің сапасы да жоғары. Дегенмен медициналық қызметі ақысыз болатын мемлекеттік ауруханалардың да сапасын төмен деуге болмайды. Бірақ білікті қызметкерлерді көптеп жұмылдыру үшін зейнеткерлікке шыққан дәрігерлерді қайта жұмысқа қабылдауға мәжбүр болды. Аурудың тез таралуын жеңу үшін қонақүйлер де күту режимінде қалды, бірақ осы уақытқа дейін олардың саны бақылауда. 2020 жылдың 25 сәуіріндегі жағдай бойынша 25000-ға жуық жағдай тіркелді. Қайтыс болғандардың саны – 780. Қазіргі уақытта елде емделушілер саны 13 295 еді, олардың 2 301-і коронавирустық инфекциядан емделіп шықты.
– Көптеген елдерде өлім деңгейі өсіп жатыр. Сіздер қалай күресіп жатырсыздар?
– Қазір әлеуметтік қашықтық пен оқшаулау енгізілді. Біздің ел адам саны жағынан өте тығыз орналасқандықтан көбінесе халық күнделікті көтерме жұмыстар (қара жұмыс) істеу арқылы ақша тауып отыр. Бір орынға таласатын адам саны да көп. Олар тасымалдаушы болып кетуі де мүмкін. Сондықтан елде үйден шықпау режимі енгізілді. Бұл экономиканың ұсақталғанын білдіреді. Бүгінде күнделікті келісім-шарт негізінде жұмыс істейтіндердің үлкен бөлігі жұмыссыз. Салдары елде ақша жетіспеушілігіне, азық-түліктің жетіспеушілігіне және басқа да мәселелерге әкеліп тіреп отыр. Көпшіліктің моральдық жағдайы төмен, бірақ оған төзуден басқа амал жоқ.
– Қазіргі уақытта Қазақстанда қала, аудан арасындағы барлық қатынас жолдары жабылды. Оған қоса халық көп шоғырланатын орындар да жабылды. Сіздерде қозғалыс ахуалы қалай?
– Біздің елде де мектептер, колледждер, сауда орталықтары, кинотеатрлар, саябақтар, автобустар, пойыздар, авиакомпаниялар, дүкендер, қонақ үйлер мен мейрамханалар жабық. Жұмыс істеуге рұқсат тек ауруханалар, банктер, бұқаралық ақпарат құралдарына берілді. Жоғарыда аталған жерлерде жұмыс істейтіндер егер рұқсат алып, сақтық шараларын қолдану арқылы қашықтықтан жұмыс істей алады.
– Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Нұржан ДУМАНҚЫЗЫ
Әл-Фараби атыдағы Қазақ Ұлттық университеті 4 курс студенті