Бұл туралы Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Түпқараған аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 467-бабының 6-тармақшасымен (төтенше жағдай режимiн бұзу) Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот отырысында анықталғандай, Р. 1 сәуір 2020 жылы сағат 17:20 шамасында «Е» азық-түлік дүкенінде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзып, Қазақстан Республикасы Президентінің 15 наурыз 2020 жылғы №285 Жарлығындағы COVID-19 короновирусының алдын-алу шараларын орындамай, азық-түлік дүкенінде міндетті санитарлық нормаларын сақтамаған, яғни арнайы маскасыз тұтынушыларға қызмет жасаған.
Сот қаулысымен Р. ҚР ӘҚБтК-нің 467-бабының 6-тармақшасымен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.