Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
"Жаңаөзен қаласында 8 сәуір күні тіркелген Covid-19 жұқтырған науқастың отбасы түгел медициналық тексерістен өтті. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, 11 жастағы қызынан өзгелерінен қауіпті індет анықталған жоқ. Қазір анасы мен қызының жағдайы бірқалыпты. Оқшауланып, ем қабылдауда", деді облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 7. Оның 5-і Ақтауда, 2-і Жаңаөзен қаласында.