©
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы аудандық ауруханада коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам тіркелді. Екі науқас та 40 жастағы әйел. Олар Жаңаөзен қаласында 8 сәуір күні вирус анықталған 1974 жылғы әйелмен байланыста болған. Осыған орай карантинге алынып, қаны мен ауыз қуысынан алынған сынамаға зертханалық сараптама жасалынған болатын. Диагностикалық зерделеу нәтижесінде екеуінен де COVID-19 анықталды.
Бекітілген протокол бойынша ем шаралары жасалып жатыр. Науқастармен байланыста болған азаматтар анықталып, дәрігерлердің бақылауға алынды. Індет аумағы залалсыздандырылып жатыр.
10.04.2020 жылғы ақпарат бойынша облыста 9 адамнан COVID-19 анықталды. Ақтауда - 5, Жаңаөзенде -2, Маңғыстау ауданында - 2.