Бұл туралы облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.
33 шағынауданда карантинге байланысты жолды жабу кезінде полиция қызметкерлерінен бір азамат көмек сұраған. Ер адам машинасында жүкті әйелі бар екенін, оны мүмкіндігінше перзентханаға тезірек алып баруды айтқан. Оқиға 7 сәуірде түскі уақытта болған.
- Полиция қызметкерлері құжаттарды тексеру үшін және жүргізуші мен жолаушы неге үйде тұрмағанын анықтау үшін автомобильді тоқтатқан. Машинадағы ер адам әйелін перзентханаға апара жатқан. Әйел полиция қызметкерлерінен көмек сұрап, өзін нашар сезінетінін айтқан. Полиция қызметкерлері Базарбай Түзелбай мен Асылбек Сембеков жағдайды тез бағалай отырып, автокөлікті алып жүру туралы шешім қабылдады. Полиция қызметкерлері жарқылдауық маяктары мен арнайы дыбыстық сигналдарды қосып, жүкті әйел болған автокөлікті "Ана мен бала" перзентханасына жедел алып барды", делінген ақпаратта.
Жүкті әйел мен оның күйеуі полиция қызметкерлеріне үлкен алғыстарын білдірді.