Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Азық-түлік қорының алғашқы легі аймаққа келіп жетті.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді сатып алу жөніндегі келісімшарттар жасақталған. Олардың тізімінде 19 азық-түліктің атауы бар.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (картоп, сәбіз, жуа, қырыққабат, өсімдік майы, қант, сары май, ұн, сүт 2,5%, макарон өнімдері, тауық еті, күріш, жұмыртқа және т.б.) сатып алу жұмыстарын «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жүргізуде.
Аталған қаражат осы компанияның есеп шотында 1 млрд 63 млн теңгенің 850 млн теңгесіне азық-түлік жеткізу және сонымен қатар өндірушілер мен көтерме жеткізушілерге арналған займдарға келісімшарттар жасақталған. 380 млн теңге көлеміндегі қаржы отандық жеткізушілерге займдар беру тетіктері үшін пайдаланылмақшы.
«Каспий» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Абзал Меңдібаевтың айтуынша, бүгінгі таңда 380 млн теңге қаржының 244 млн теңгесіне келісімшарттар жасақталып, 130 млн теңге көлеміндегі қаржыға жасақталатын құжаттар мен келісімшарттарға жақын күндері қол қойылмақшы. Бұл келісімшарттар кәсіпкерлерге нарыққа азық-түліктерді жеткізуге (өндірушілерге өнім өндіруге арналған шикізаттарды сатып алуға) мүмкіндік береді, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға болады. 683 млн теңге – бұл - қоймаларды толықтыру үшін тікелей сатып алуларға арналған қаражат. Басқаша айтқанда, азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын құру үшін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрін сатып алу үшін жұмсалмақ.
Займдар беруге жұмсалатын 198,7 млн теңге сомасына, базарлар мен дүкендерге - 37 тонна қант, 20 тонна - сары май, 60 тонна – ұн, 644 тонна- картоп, 120 тонна –сәбіз, 182 тонна - пияз, 35 тонна - өсімдік майы, сүт 2,5% – 15 тонна, 10 тонна – макарон өнімдері, 150 тонна – қырыққабат сатып алынып, жеткізілген.
490 миллион теңге қаржыға келісімшарттар жасақталып, кезең-кезеңімен өнімдер жеткізілуде: 52 тонна макарон өнімдері, 266 тонна тауық еті, 564 тонна бірінші сұрыпты ұн, 185 тонна өсімдік майы, 209 тонна күріш, 344 тонна қант, сонымен қатар 5 тн сүт, 5 тн сиыр еті, 5 тн тұз, 200 мың дана жұмыртқа жеткізіледі. 120 млн теңгеден аса қаржы сомасына қоймаларға азық-түлік қоры жеткізілген.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Качаков: «Біз тұрақтандыру қорын кемінде 10% азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз. Осы бағытта ұн, макарон өнімдері, өсімдік майы, қанттың жеткізілуі бойынша бірнеше келісімшарттар жасақталды. Бұл жерде атап өтетіні - қант бойынша ішкі нарық бүгінде жеткілікті көлемде қамтылмаған. Әрбір аймақ алдымен өзін қамтамасыз етіп алып, содан кейін ғана өзге өңірлерді қамтуға тырысады. Сондықтан біз тиісті жеткізушіні Белоруссиядан таптық. Енді жеткізу сол жақтан болады. Бұл – бір күнде бітетін жұмыс емес. Ол ұдайы түрде жүзеге асырылатын болады. Мұндағы біздің басты ұстанған бағытымыз – азық-түлікті тек сақтау ғана емес, сонымен қатар оларды жаңартылған қалыпта тұтыну үшін жеткізу болып табылады».
Қала, аудан әкімшіліктері азық-түлік бағаларына және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорына үнемі мониторинг жүргізіп отырады.