Бұл туралы Ақтау қаласының баспасөз қызметі хабарлады.
"Карантиндік подъезд тұрғындарының назарына! Карантиндік подъездерге дезинфекция жұмыстары жүргізілгенін назарларыңызға жеткіземіз. Науқас анықталған пәтер, яғни ауру ошағы толықтай залалсыздандырылды. Дезинфекция тек бір рет жүргізіледі. Және екінші рет залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді қажет етпейді. Өйткені науқас оқшауланып, стационарға жатқызылған", деді Ақтау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Асима Жарылғасова.
Ең бастысы карантиндік режим шарттарын сақтау.
1. Пәтерді жиі желдетіп тұрыңыз
2. Жуу құралдарын пайдаланып, үйді тазалаңыз.
3. Жеке гигиенаны сақтаңыз.