Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының ретінде Салимов Жандос Нұржанұлы тағайындалды.
Жандос Нұржанұлы «техник-технолог» және «заңгер» мамандықтарының иесі. Оның құрылыс және энергетика саласы бойынша басшы лауазымдағы тәжірибесі жеткілікті.
Батыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласында Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының директоры, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметерінде болды.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.