Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Маңғыстау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы болып Утесинов Бекмурат Бухарович тағайындалды. Утесинов Бекмурат Бухарович 1961 жылы туған. Білімі - жоғары. 1985 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында эпидемиолог-дәрігер болып бастаған. Кейін Маңғыстау аудандық санитариялық эпидемиологиялық станциясы санитариялық дәрігер, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ММ «Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы» басшысы, «МАЭК-КАЗАТОМПРОМ» ЖШС директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі