Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болып Бекмұрат Жүсіпов тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыс әкімдігіне сілтеме жасап. Бекмұрат Қыдырбайұлы Жүсіпов 1965 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Таушық кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1989 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. Мамандығы автоматизация бойынша инженер. 2010 жылы Оксфорд қаласындағы Embassy CES Oxford-ты бітірген. 2015 жылы «Алматы менеджмент Университетін» іскерлік басқару магистрі мамандығы бойынша тамамдады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. Еңбек жолын 1989 жылы Ақтау қаласындағы Пластикалық масса зауытының учаскесінде бақылау-өлшеу жабдықтарының шебері болып бастады. 1994-1995 ж.ж. – Шетпе Мұнайбазасында оператор болып жұмыс істеген. 1995-1996 ж.ж. – «Көгез» шағын кәсіпорында технолог қызметін атқарған. 1997-2005 ж.ж. – жеке кәсіпкер болды. 2005-2010 ж.ж. – «Мантеком» ЖШС-нің директоры лауазымында қызмет етті. 2011-2016 ж.ж. 4-нші және 5-інші сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 2016-2017 ж.ж – Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болды. 2017-2018 ж.ж - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. 2019 жылдың наурыз айынан бастап Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңесінің заңдылық және құқық комиссиясының төрағасы қызметінде болған.