Маңғыстау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып Қуаныш Серікұлы Берішбаев тағайындалды.
Қуаныш Берішбаев 1984 жылы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында дүниеге келді. 2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін Кеме энергетикалық қондырғылары мен жабдықтары, инженер-механик, 2011 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін экономист-менеджер мамандықтары бойынша тәмамдады. 2015 жылы Алматы Менеджмент университетінің іскерлік әкімшілік магистрі академиялық дәрежесі берілді.
Еңбек жолын 2004 жылы Ақтау қаласындағы «СМК-4» ЖШС-да құрылыс шебері ретінде бастады.
2007-2009 жж. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның екі департаментінде жұмыс істеді.
2009 жылы Ауыл шаруашылық министрлігінің Ақтау қаласы аумақтық инспекциясында жетекші маманның міндетін атқарушы.
2009-2010 жж. - «Маңғыстау облысының әкімі» мемлекеттік мекемесінде ұйымдастыру-бақылау бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет етті.
2011-2012 жж. - Маңғыстау ауданы әкімінің аппарат басшысы.
2015-2016 жж. - Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2016-2017 жж. - Білім, мәдениет, ішкі саясат және сайлау мәселелері бойынша Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
2017-2018 жж. - Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі