16 қаңтар күні Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Үш күндік ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты.
Вашингтондағы қарсы алу рәсімі аяқталған соң Нұрсұлтан Назарбаев Ақ үйдің Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
Содан соң Қазақстан мен АҚШ Президенттері келіссөз жүргізіп, екіжақты қарымқатынастың және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.
Дональд Трамп ресми сапармен келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен АҚШ арасында қалыптасқан қатынастарға жоғары баға берді.
- Сіздің осында келгеніңізге қуаныштымын. Барша жұрт Сізге зор құрметпен қарайды. Екі ел арасында мықты қарым-қатынас жолға қойылған. Қазір Қазақстанның жағдайы өте жақсы. Біз үшін Сізді қабылдау – зор мәртебе. Сіз еліңіз үшін шынында да іргелі істер атқардыңыз, – деді АҚШ президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Д.Трампқа алғыс айтып, оны АҚШ президенті лауазымына сайлануының бір жылдығымен құттықтады.
- Сізді президенттік қызметіңіздің бір жылдығымен және экономикадағы зор жетістіктеріңізбен құттықтаймын. Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына АҚШ тың саяси қолдау көрсетуін біздің ел жоғары бағалайды. 26 жыл бойы Қазақстан АҚШпен достық қарым-қатынасты берік ұстанып келеді. Бүгінгі сапар сол серіктестіктің дәлелі болып саналады, – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен жүргізген келіссөздің қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.
Қазақстан және АҚШ: XXI ға сырдағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік
Президент Дональд Трамп АҚШ пен Қазақстан арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті талқылау үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ақ үйде қабылдады. Президент Н.Назарбаев президент Д.Трампқа қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді және оны келешекте Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Екі көшбасшы Қазақстанның тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын және егемендігін, сондай-ақ жаһандық бейбітшілік пен өркендеу ісін ілгерілетудегі рөлін құптады.
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқынын мойындай отырып, көшбасшылар саясат пен қауіпсіздік, сауда мен инвестициялар жөніндегі ынтымақтастықты, сондай ақ екі ел арасындағы байланысты кеңейтілген стратегиялық әріптестік комиссиясы аясын да жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер өткізу арқылы нығайтуға шешім қабылдады. Екі мемлекеттің басшылары «C5+1» диалогі сияқты өңірлік ынтымақтастық форматтарын пайдалану арқылы Орталық Азиядағы ортақ сынқатерлерге төтеп беруге дайын екендіктері туралы мәлімдеді. Сондай-ақ болашақта Ауғанстанның «C5+1» жобаларына қатысуын да құптады. Олар Ауғанстандағы шиеленісті бейбіт жолмен реттеуге, өңірдің саяси және экономикалық байланыстарының одан әрі дамуына ықпал ететін бастамаларды ілгерілетуге қол жеткіземіз деп шешті. Екі ел көшбасшылары заң үстемдігі мен адам құқықтарын сақтай отырып, зорлық-зомбылық экстремизмі мен халықаралық терроризмге қарсы тұру үшін ынтымақтастықты тереңдетуге әзір екендік терін білдірді.
Халықаралық көшбасшылық мұрасы
Президент Д.Трамп 20172018 жыл дарға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің сайланған мүшесі ретіндегі Қазақстанның жаһандық көшбасшылығын атап өтті. Ол 1992 жылы ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқаннан бастап, таратпау ісіне күш салып келе жатқан халықаралық көшбасшы ретіндегі Қазақстанның мұрасын және ядролық қауіпсіздік жөніндегі қазіргі мін деттемелерін күшейтуін, сондайақ химиялық қарудың таратылуы мен қолданылуына жол бермеу шараларын күшейтуді жуырда қолдағанын жоғары бағалады. Екі көшбасшы Корей Халық Демократиялық Республикасының ядролық және зымырандық бағдарламаларын қоса алғанда, жаппай қырып-жоятын қарудың заңсыз таралуын айыптады. Екі ел Президенттері ядролық байыту технологияларының таралу қаупін азайтуға бағытталған МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкінің таяуда Қазақстанда ашылуын құптады.
Өңірлік қауіпсіздік
Президент Д.Трамп Ауғанстанға тұрақты логистикалық жәрдем беру мен жол ашу, сондай ақ гуманитарлық көмекті күшейтуге үлес қосу арқылы АҚШтың Оңтүстік Азия жөніндегі стратегиясын қолдауға Қазақстанның берік бейілдігі үшін Президент Назарбаевқа ризашылығын білдірді. Екі көшбасшы ауғандардың өз басшылығымен және күш-жігерімен жүретін бейбіт процесс қана Ауғанстанға тұрақтылық пен қауіпсіздік әкелетінін растады. Президент Д.Трамп ауған қауіпсіздік күштерін қолдауға арналған Қазақстанның бұған дейінгі қаржылық жарналарын атап өтті. Президент Н.Назарбаев ауыртпалықтың әділ бөлінуін мақұлдай отырып, Ауғанстанның қауіпсіздік проблемасын шешуге қосымша қолдау көрсетуге әзір екенін тағы да растады. Ол сондай-ақ Ауғанстан әйелдерінің жағдайын жақсартуға ерекше назар аудара отырып, АҚШ-пен ынтымақтастық аясында азаматтық және құқық қорғау мамандықтары бойынша Қазақстанда ауғандықтарды даярлау бағдарламасын кеңейтуді ұсынды. Екі көшбасшы Ауғанстанның көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаларға Қазақстанның қатысуын құптады. Тараптар Сирияға қатысты зорлық-зомбылық шиеленісінің оң шешім табуына қол жеткізуге және БҰҰ қолдауымен Женева бейбіт процесі аясында қақтығысты саяси жолмен реттеу негізін нығайтуға бағытталған дипломатиялық бастамаларды құптады.
Қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық
Екі мемлекеттің көшбасшылары өңірлік қауіпсіздікті қолдау үшін ынтымақтастық, өзара ықпалдастық, қол жеткізу және логистикалық маршруттарды кеңейтуге арналған бірқатар келісімдер жасасуға ниет білдіре отырып, қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Екі көшбасшы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен АҚШ Қорғаныс министрлігі арасындағы әскери ынтымақтастықтың төртінші бесжылдық жоспарына қол қойылғанын атап өтті. Президенттер интернет арқылы жасалатын элек- трондық коммерция және қылмыс қаупіне қарсы жаһандық ынтымақтастыққа негіз бо- латын Киберқылмыстар туралы конвенцияға қосылуға Қазақстанның қызығушылығын зерделеуге дайын екендіктерін айтты. Мұндай көпжақты келісімдерге қатысу халықаралық терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күресу үшін құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды нығайтатын болады.
Экономикалық ынтымақтастықты нығайту
Президент Н.Назарбаев және Президент Д.Трамп екіжақты сауда мен инвестициялар- ды ұлғайтуға, екі елде де жұмыс орындары мен мүмкіндіктер ашуға бағытталған әділ және өзара тиімді экономикалық әріптестікті ілгерілетуге әзірліктерін білдірді. Президент Н.Назарбаев Қазақстан экономикасындағы Америка Құрама Штаттарының жетекші инвестор ретіндегі рөлін атап өтті. Президент Д.Трамп келешекте халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысудың бұлжымас шарты болып табылатын, Қазақстан тарапынан Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы міндеттемелерді орындаудың, әділ еңбек қатынастарды қолдаудың, келісімшарттардың мызғымастығын қамтамасыз етудің және зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Президент Д.Трамп Қазақстанның әртараптандырылған және инновациялық экономиканы дамыту жөніндегі өршіл жоспарларын құптап, АҚШ-тың қаржылық даму институттарының Қазақстанға инвестициялар тартуға мүдделілігін атап өтті. Екі көшбасшы тұрақты әрі қалыпты сауда қатынастарын дамыту үшін заңнамалық шараларды қолдайтындықтарын мәлімдеді және Қазақстанға бұл мәртебені беру екіжақты сауда байланыстарын одан әрі нығайтуға жәрдемдесетінін атап өтті. Екі мемлекет бас- шылары мұнай-газ, ядролық қаруды таратпау және бейбіт ядролық даму салаларын қоса алғандағы екіжақты энергетикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын ай- қындайтын энергетика саласындағы стратегиялық диалог деңгейін көтеруді белгілеп берді. Көшбасшылар цифрлық экономика, денсаулық сақтау, коммерциялық авиация, қаржы, банк ісі, ауыл шаруашылығы және ғарышты зерттеу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Президенттер Орталық Азиядағы Сауда және инвестициялар жөніндегі негіздемелік келісімге (TIFA) өздерінің бейілдігін растады және Ауғанстанның болашақта TIFA кеңесінің кездесулеріне қа- тысуын құптады. Қазақстан және Құрама Штаттар Қазақстандағы қоршаған ортаға тө- нетін қауіптерді бағалап, табиғи апаттар қатерін азайту үшін ғарыштық технологияларды пайдалану саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр. Көшбасшылар сондай-ақ Қазақстан экономикасы үшін қандайда бір оқыс жағдайларды болдырмау мақсатымен санкциялар мәселелері бойынша кеңесіп отыруға ниетті екендіктерін білдірді. Соңында президент Д.Трамп Н.Назарбаевты Қазақстанның экономикалық әлеуетін паш еткен, аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасатын «ЕХРО – 2017» көрмесінің табысты өтуімен құттықтады.
Адами өлшем
Президенттер адам капиталын дамытуға деген ұмтылыс екі елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне қолдау болатын болашаққа деген инвестициялар екенін мойындады. Көшбасшылар екі ел арасындағы дипломатиялық және консулдық байланыстарды кеңейтуді жөн көрді. Президент Д.Трамп Қазақстанның ағылшын тілін меңгеру деңгейін көтеруге бағытталған бастамасын құптап, Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін оқыту бағдарламаларын жетілдіру үшін көмектесуге дайын екенін білдірді.
Іскер топтар өкілдерімен кездесу
Ресми сапар аясында Вашингтон қаласында Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының іскер топтар өкілдерімен кездесті.
Қазақстан Президенті дөңгелек үстел қатысушыларымен кездесу ұйымдастырылғаны үшін ризашылық білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасында орныққан қатынастардың маңыздылығы мен стратегиялық сипатына тоқталды.
- Америка Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестициялардың көлемі бойынша екінші орында. Тәуелсіздік жылдары ішінде сіздердің компанияларыңыз тара- пынан Қазақстанға 50 миллиард доллардан астам инвестиция құйылды. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жетті. Біздің елде энергетика, көлік, инновация, медицина және басқа да салаларда Америка капиталының қатысуымен 500-ден аса компания табысты жұмыс істеп келеді. Біздің ірі серіктестеріміздің қатарында Шеврон, Эксон Мобил, Дженерал Электрик, Хэл- либёртон және басқа да компаниялар бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы екіжақты қатынастардың кең ауқымын қамтитын Кеңейтілген стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемені қабылдаудың ерекше маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамыту үдері- сіне тоқталып, бизнес жүргізу үшін мемлекет тарапынан жағдай жасауға бағытталған шаралар жөнінде әңгімеледі.
Инвестициялық ахуалды жақсартып, инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Инвестициялар жөніндегі комитетінің қауымдастырылған мүшесі болды және Халықаралық инвестициялар жөніндегі декларацияға қосылды. 62 елдің, соның ішін- де АҚШ азаматтары үшін бізде визасыз режим енгізілді. Кәсіпкерлік саласындағы заңнама жетілдірілуде. 11 арнайы экономикалық аймақ және 22 индустриялық аймақ жұмыс істеуде. Онда қажетті инфрақұрылым мен жеңілдіктер көзделген, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасын цифрландыру және өндіріске инновацияны енгізу барысына ерекше назар аударды.
- «Цифрлық Қазақстан» арнайы мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осыған орай, экономика салаларын цифрландыру және инновациялық экожүйені дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру маңызды болып саналады. Мәселен, Назарбаев Университеті және Инновациялық технологиялар паркі сияқты инновациялық кластерлер жұмыс іс- теуде. Биыл Астанада ІТ-стартаптардың жаңа халықаралық технопаркі ашылады. Осының бәрі ынтымақтастығымыз үшін перспективті бағыт бола алады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті америкалық бизнесмендерге арналған сөзінде агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторларды қатысуға шақырды.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы еліміздегі жекешелендіру бағдарламасының іске асырылу барысы және «жасыл экономика» саласындағы жобаларды дамыту перспективасы туралы айтты.
- Өткен жылы «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпта халықаралық «ЭКСПО–2017» мамандандырылған көрмесін табысты өткіздік. Бұл көрме бүкіл планетаның «таза» энергетика саласындағы жоғары технологиялық және зияткерлік әлеуетін көрсетуге керемет мүмкіндік туғызды. Көрме мұрасы инновациялық және орнықты даму міндеттеріне әрі қарай да қызмет ете беретін болады. Атап айтқанда, ЭКСПО инфрақұрылымының базасында «Жасыл» технологияларды және инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық жұмыс істейтін болады. Ол елімізде және өңірде «жасыл» жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізуге арналған, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының ерекше мәртебесін атап өтіп, оның жұмысының алдағы жоспарларына тоқталды.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына 50 жылға дейін салықтық, валюталық, визалық және еңбек режимдері сияқты жеңілдіктер беріледі. Бұл – жұмысы ағылшын құқығына негізделген өңірдегі бірден-бір орталық. «Астана» халықаралық қаржы орталығының жоғары технологиялық биржасын құруға Шанхай қор биржасы және NASDAQ америкалық биржасы тартылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығының «жасыл», исламдық және инновациялық қаржылық құралдарды дамыту жөніндегі өңірлік орталыққа айналуына барлық мүмкіндігі бар. Жаз айында біз халықаралық қоғамдастық үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми таныстырылымын өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Қазақстан Президенті өткізілген кездесудің екі елдің жақындасуына және өзара тиімді әріптестікті нығайтуға серпін беретініне сенім білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың энергетика министрі Рик Перримен кездесті
Мемлекет басшысы кездесуде АҚШ президенті Дональд Трамппен жүргізілген келіссөздер барысында қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ-тың мұнай-газ саласындағы ынтымақ- тастығына оң баға беріп, Теңіз және Қашаған кенорындарындағы жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстандағы өнімді қайта өңдеу ісінде инвесторлардың күш-қуа- тын арттыруы қажеттігіне назар аударды.
Қазақстан Президенті еліміздегі жасыл энергетиканы дамытуға арналған жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде әңгімелеп, Р.Перриді төмен байытылған уран банкінің ашылуы туралы хабардар етті.
АҚШ-тың энергетика министрі кездесуге ризашылығын білдіріп, инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізетін негізгі факторларды атады.
Кездесу соңында тараптар мұнай-газ жә- не энергетика салаларындағы екіжақты қаты- настарды одан әрі дамытуға қатысты пікірлері- мен бөлісті.
Қазақстан Президенті «Шетел- дік жеке инвестициялар жөніндегі корпорация» (OPIC) мемлекеттік агенттігінің президенті Рэй Уошбернмен кездесті
Мемлекет басшысы әңгіме барысында кездесудің маңыздылығына тоқталып, қазіргі уақытта Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық жобалар жөнінде баяндады.
- Біз «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесін өткіздік. Көрме инфрақұрылымының базасында «Астана» ха- лықаралық қаржы орталығын құрамыз. Оның барлық қатысушыларына айрықша жеңілдіктер қарастырылған, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев инвестиция саласындағы қатынастарды нығайтудың және өзара тиімді экономикалық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Р.Уошберн «ЭКСПО – 2017» көрмесінен алған әсерімен бөлісіп, алдағы уақытта Қазақстанның «Kazakh Invest» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылатынын жеткізді.
Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді
Мемлекет басшысы баспасөз мәслихаты барысында отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді.Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Америка қарым-қатынастарын дамытудың басым бағыттары мен келешегіне тоқталып, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қол жеткізілген уағдаластықтар жөнінде айтты.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне және еліміздің әлемде ядролық қаруды таратпау ісіндегі миссиясына қатысты сауалдарға жауап берді.
www.akorda.kz