Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы болып Құсбеков Дүйсен Темірұлы тағайындалды.
Дүйсен Темірұлы 1962 жылы Қарағанды облысында туған, білімі жоғары, «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Қарағанды облысының Шахтинск қалалық прокурорының аға көмекшісі, прокурор орынбасары қызметтерінен бастаған. 1999 - 2015 жылдары Қарағанды облыстық прокуратурасында бөлім басшысы, аға прокурор, облыстық сот кеңсесінің меңгерушісі, Қазыбекби аудандық сотының судьясы, облыстық сот әкімшісінің басшысы қызметтерінде болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Соңғы кадрлық өзгерістер туралы бүгін Маңғыстау облысы әкімдігінде өткен аппараттық жиында облыс әкімі Ералы Тоғжанов хабарлады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі