Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәлік Мырзалинді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. "Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Ақмола облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген құжатта.