©
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі басшысы міндетіне Сүлеев Самат Мирұлы тағайындалды.
Самат Мирұлы Қызылорда облысында туған, білімі жоғары, «журналистика» мамандығының иесі және Түркия Республикасы Стамбұл университетінің магистрі. Еңбек жолын 2008 жылы «Хабар агенттігі» акционерлік қоғамында корреспондент қызметінен бастаған.
2011 - 2013 жылдары «Хабар» арнасының өндірістік бөлімінің редакторы, кейін бағдарламалар бөлімінің продюсері қызметтерінде болды.
2013 – 2016 жылдары аралығында «Хабар», «Астана» телеарналарының және «Қазақ» радиосының Түркиядағы (Стамбул) меншікті тілшісі қызметін атқарды.(Фрилансер)
2017 – 2018 жылдары Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары қызметтерінде болды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі