Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы болып Бисакаев Уркен Сериккалиевич тағайындалды.
Бисакаев Уркен Сериккалиевич 1977 жылы туған.
Білімі - жоғары. Қазақ ұлттық техикалық университетінде, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде экономика және менеджмент, инженер-экономист, заң мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1999 жылы «Интергазстрой» АҚ экономист болып бастаған. Кейін осы мекемеде директордың орынбасары қызметін атқарған.
Маңғыстау облысы әкімінің аппараты, Ақтау қаласы әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, Маңғыстау облысы әкімінің аппараты, Ақтау қаласы әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі