Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Әлихан Сұлтанмұратұлы Қыраубаев тағайындалды.
Ол 1975 жылы Түрікменстан Республикасы Ташауыз қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі жоғары, экономика ғылымдарының кандидаты.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі.
Еңбек жолын 1998 жылы Қазақ ғылыми зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастаған.
2001 – 2004 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің бас маманы, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде бас маман, кейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде мемлекеттік бюджетті атқару департаментінің бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерінде болды.
2004 – 2008 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі.
2008-2010 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде ақпараттық-талдау орталығын, кейіннен макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімін басқарған.
2010-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімінің экономикалық-қаржылық мәселелері бойынша орынбасары қызметін атқарған.
2012 – 2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер - Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2017 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келді.
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ