©
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Өркен Серікқалиұлы Бисақаев тағайындалды.
Өркен Бисақаев 1977 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында дүниеге келген, білім жоғары.
1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін (инженер-экономист), 2010 жылы Ш.Е. атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін (юриспруденция), 2015 жылы Алматы Менеджмент университетін (іскерлік әкімшілік) мамандығы бойынша тәмамдаған.
Өркен Бисақаев еңбек жолын 1999 жылы Батыс Қазақстан облысындағы «Интергазстрой» ААҚ-да экономист қызметінен бастап, КТК жобасы директорының орынбасары, Тенгизшевроил жоба басқармасының инженер-жобалаушысы, «Интергазстрой» жоба - экономикалық бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
2003-2004 жылдары «Казтранском» ААҚ–да Шаруашылық департаментінің күрделі құрылыс бөлімінің бастығы.
2004-2007 жылдары «Ньютек Дистрибьюшн» ЖШС корпоротивті жобалар департаментінің менеджері, департамент директоры, бас директорының орынбасары болды.
2007-2010 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, кейін бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2010-2012 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
2012-2016 жылдар аралығында Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
2016-2017 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
2017 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ