Елімізде «Арқан тартыс» федерациясы құрылып, өз жұмысын бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінде арқан тартыс әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркеліп, жүйелі жұмыс істеп келеді. Халықаралық арқан тартыс федерациясы халықаралық Олимпиада комитетімен танылған спорт түрі. Аталған спорт биыл елімізде өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі бағдарламасына еніп отыр.
Жаңадан құрылған республикалық федерация президенті болып Еркебұлан Ілиясов тағайындалды. Федерацияның даму бағыты бойынша вице-президенті болып ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт қайраткері Нұрлан Жабаев, спорт жөніндегі вице-президент болып “Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының” директоры Бақдаулет Сәбитов тағайындалды.
Жаңадан құрылған федерация Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арқан тартыстан қатысатын ел құрамасын жасақтауды көздеп отыр. Осыған орай еліміздің 5 аймағында іріктеу жарыстары өтеді.
Жарыс ІІ кезеңнен тұрады:
І кезең – аймақтық (орталық, солтүстік, шығыс, батыс, оңтүстік) іріктеу жарыстары;
ІІ кезең – ақтық кездесулер (финал).
Әр аймақтық іріктеуде жеңімпаз атанған командалар ІІ кезеңге жолдама алады.
1) Орталық аймақтық іріктеу: Астана қаласы 13.02.2024 ж.
2) Солтүстік аймақтық іріктеу: Көкшетау қаласы 17.02.2024 ж.
3) Шығыс аймақтық іріктеу: Семей қаласы 20.02.2024 ж.
4) Батыс аймақтық іріктеу: Атырау қаласы 24.02.2024 ж.
5) Оңтүстік аймақтық іріктеу: Тараз қаласы 28.02.2024 ж.
6) Ақтық кездесулер (финал): Астана қаласы 6-7.03.2024 ж.
Ерлер арасында: 8 спортшы, 2 алмастырушы спортшы, салмақ дәрежелері 720 келі.
Әйелдер арасында: 8 спортшы, 2 алмастырушы спортшы, салмақ дәрежесі 560 келі.