© olympic.kz
Қазақстан құрамасы медальдің жалпы саны бойынша турнирлік кестеде бесінші орын алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан бұл Азия ойындарында 80 медаль жеңіп алды: 10 алтын, 22 күміс, 48 қола. Үздік үштікте: Қытай – 383 медаль (201 алтын, 111 күміс, 71 қола), Оңтүстік Корея – 190 медаль (42 алтын, 59 күміс, 89 қола) және Жапония – 188 медаль (52 алтын, 67 күміс, 69 қола) . Ал төртінші орындағы Үндістанда – 107 медаль (28 алтын, 38 күміс, 41 қола).
Өзбекстан – 71 медальмен 6-орынға тұрақтаса (22 алтын, 18 күміс, 31 қола), Қытай Тайбэйі – 67 медаль иеленіп, 7-орынға жайғасты. (19 алтын, 20 күміс, 28 қола). Үздік ондықты: Тайланд – 58 медальмен (12 алтын, 14 күміс, 32 қола), Иран – 54 медальмен (13 алтын, 21 күміс, 20 қола), ал Гонконг – 53 медальмен (8 алтын, 16 күміс, 29 қола) аяқтады.