Маңғыстаулық спортшы самбо күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында самбо күресінен жастар арасында әлем чемпионаты өтуде. Әлемдік бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен маңғыстаулық Нұрсұлтан Жұбатқан 64 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
Жаттықтырушылары – Жомарт Қобыланов пен Бағылан Ибрагим.
Нұрсұлтан жарыс барысында Әзірбайжан, Молдава, Армения самбошыларынан басым түскен және Ресей спортшысына есе жіберіп Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
6-8 қазан аралағыныда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде 23 мемлекеттен 350 спортшы бақ сынауда.
Айта кету керек, 2022 жылы Нұрсұлтан Жұбатқан ҚР чемпионы және Азия чемпионы атанған еді.